RU
Толық нұсқаға өту

Мароккодағы фестивальде қазақ күйі күмбірледі 

10.06.2026, 08:40 71

Мароккодағы ең көне музыкалық алаңдардың бірі – «Фес» қасиетті музыка фестивалінде қазақ күйі күмбірлеп, ұлттық аспаптардың үніне жұрт ұйып, тәнті болды.

Фестивальге әлемнің жиырмадан астам елінен 160-тан астам өнерпаз жиылған. Бізден Алматы облысынан барған «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті. Өнерпаздарымыз фестивальдің ашылу салтанатына қатысып, Орталық Азиянның көшпенділер дәстүрлеріне арналған бағдарлама аясында жеке концерт берді. Марокко Жастар, мәдениет және коммуникациялар министрі тарихы отыз жылға жуықтайтын фестивальге қазақстандық ұжымның қатысуын ерекше атап өтті.

Мохамед Мехди Бенсаид, Марокконың жастар, мәдениет және коммуникациялар министрі:

- Бұл фестиваль түрлі өңірлер мен мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтады. Біз үшін Қазақстанның шығармашылық ұжымдарын қабылдау үлкен мәртебе. Фестиваль сондай-ақ марокколықтардың қазақ мәдениетімен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді. Мәдениет халықтарды жақындастыратынын әрдайым есте сақтауымыз керек. 

Ашық аспан астында өткен концертті тамашалауға келген халықтың қарасы қалың. Домбыра мен қылқобыздың үні, жыраулық дәстүр көрермендердің жүрегін жаулады. 

Клодия, Франциядан келген көрермен:

- Музыканттардың киімдері өте әдемі, ал орындалған шығармалар шабыт береді. Фестивальді дәл осы концертті тамашалаудан бастағанымызға қуаныштымыз. Мұндай фестивальдер жаңа мәдениеттерді танып-біліп, болашақта сол елдерге саяхат жасауға ынталандырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz