Семейлік дәстүрлі әнші рекорд орнатты. Бүгін Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда дәстүрлі әнші, мәдениет қайраткері Қайрат Қабышев ұлттық өнер тарихында ерекше жетістікке қол жеткізді.
Өнерпаз таңғы сағат 10:00-ден бастап 6 сағат 15 минут бойы үздіксіз 102 ән орындаған. Іс-шарада Арқа әншілік мектебінің жауһар туындылары, халық әндері мен қазақ музыкасының таңдаулы шығармалары орындалады. Жоба қазақтың дәстүрлі ән өнерін халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты ұлттық мәдениеттің мәртебесін көтеріп, Қазақстанның мәдени мұрасын әлемге таныту.
Қайрат Қабышев, дәстүрлі әнші:
- Бұл жерде әннің деңгейі үлкен. Кәсіби деңгейде. Жай әндер емес. 5 мектепті қамтыдым. Барлығы кәсіби деңгейде болды деп айтып жатыр ғой. 25 әннен кейін 15 минут демаламыз дегенбіз. Бірақ өз күш-қуатымды байқап отырдым да, 15 минут демалмай-ақ қояйын деп 100 әнді айтып тастадым.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #дәстүрлі әнші #рекорд #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz