RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Instagram / @kenzhebekmuzart

«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов «Құрмет» орденімен марапатталды

11.06.2026, 18:06 55

«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов Президент Жарлығымен «Құрмет» орденіне ие болды, деп хабарлайды «24KZ».

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, қолдау көрсеткен барша жанға алғысын білдірді.

Кенжебек Жанәбілов жазбасында былай деп жазды:

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында Президентіміздің Жарлығымен «Құрмет» орденіне ие болдық! Баршаңызға алғысымыз шексіз, аман болыңыздар!»

Әншінің марапаты әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан жылы лебіздермен қолдау тапты.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz