RU
Толық нұсқаға өту

«Ал, парасатты жігіт алдарыңызда!»: Сәкен Майғазиев елден сүйінші сұрады

12.06.2026, 11:16 93

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, аңызға айналған «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев жоғары мемлекеттік награда - «Парасат» орденінің иегері атанды. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Мемлекеттік марапатты салтанатты түрде қабылдап алған әнші оқырмандарына ақжарма тілегін білдіріп, бұл марапаттың ширек ғасыр бойы қазақ мәдениетіне қызмет етіп келе жатқан шығармашылық ұжымның ортақ жеңісі екенін атап өтті.

Өнерпаз өз жазбасында марапаттау рәсіміне не себепті уақытылы қатыса алмағанын да түсіндіріп өткен:

Ал парасатты жігіт алдарыңызда.Құтты болсын! Мың рақмет. Өткенде марапта кезінде біз қалада болмай қалдық. Мейрамбек бәріміз бірге алу керек болғанбыз. Алайда ештен кеш жақсыы. Құттықтауларыңызды қабыл аламыз. 25 жыл бойы үздіксіз , үзіліссіз талмай қазақстың идеологиясына мәдениетіне руханиятына қызмет жасаған муз арт тобына осылай көңіл бөліп жатқанына рақмет айтамын.

Қазіргі таңда әлеуметтік желіде өнердегі әріптестері мен қалың көрермен танымал әншіні айтулы жетістігімен жарыса құттықтауда.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz