Атырауда лудоманияның зардабы туралы «Махаббат рулеткасы» атты әлеуметтік драма көпшілікке ұсынылды.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында сахналанған спектакльде құмар ойынға тәуелділіктен сақтану, құқықтық сауатты арттыру мәселелері көтерілген. Қойылымда оңай олжа мен тез табыс табуды көздеген адамның бірте-бірте тәуелділіктің құрбанына айналғаны көрсетіледі. Қоғамдағы өзекті мәселені сахна тілімен жеткізу жастардың мәселені терең түсінуіне және оның алдын алуға мүмкіндік береді, дейді мәдениет саласының қызметкерлері.
Темірбек Мұхтаров, Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі:
- Қойылымнан мен ойлаймын, жастар бүгінгі сабақ алады, мәнін түсінеді. Енді лудомания деген белгілі ғой, оның зардабы отбасына келіп тиеді. Айналасындағы жақындарына тиеді. Олардың өмірлеріне де орасан кеселін тигізеді. Сондықтан бұл бүгінгі қоғамда өзекті тақырып.
Тегтер #Атырау #лудомания #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz