Димаш Құдайберген тыңдарман назарына «AQERKE» әнінің жаңа нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды «24KZ».
16 маусым күні әр елдің жергілікті уақыты бойынша түнгі сағат 00:00-де Димаштың жаңа туындысы жарық көрді.
Өнер жұлдызы барша тыңдарманын қазақтың әйгілі «AQERKE» атты халық әнінің жаңа ырғақтағы заманауи нұсқасымен бірге ерекше көңіл күйге бөленуге шақырады.
Әнші әрі продюсер Димаш Құдайбергеннің шығармашылық көзқарасы халықтың сүйікті әніне жаңаша тыныс беріп, тыңдарманын ерекше әсер мен заманға сай тың музыкалық өріске жетелейді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Димаш Құдайберген #мәдениет #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz