RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Самокат, скутер және велосипед» кітабының тұсаукесері өтті 

16.06.2026, 15:19 34

Елордада журналист, балалар жазушысы Азамат Әбілқайырдың «Самокат, скутер және велосипед» атты кітабының таныстырылымы өтті. 

Әңгімелер жинағында отансүйгіштік, отбасы құндылықтары, табиғатқа жанашырлық сияқты тақырыптар заманауи кейіпкерлер арқылы баяндалады. Автордың айтуынша, балалар әдебиетін дамыту – жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, ұлттық дүниетанымды нығайтудың маңызды жолы. Бүгінде бұл бағытқа мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жаңа шығармалардың жарық көруіне мүмкіндік артып келеді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған туынды 1000 данамен жарық көрген. 

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазақстанның балалар әдебиеті үлкен бір өзгерістердің, белестің алдында тұрған сияқты. Мен енді өзім осы Парламентке келгенде алғаш депутаттық сауалым балалар әдебиетіне қатысты болды.

Балалар әдебиетіне өсіп келе жатқан балаларға ең қызықты, дүниетанымын ашатын, жан сарайын ашатын жақсы дүниелерді беру – жазушылардың, ақындардың міндеті деп білемін. Азамат Әбілқайыр өзінің бүгінгі «Самокат, скутер және велосипед» деген кітабы арқылы сол олқылықтың орнын толтырып жатыр. Мұның алдында да бір туындысы жарыққа шыққан болатын және осы бағытта біздің басқа да жазушыларымыз, талапты ақын-жазушыларымыз еңбек етсе, осындай дүниелерді көптеп шығарса, балалардың сұранысын қанағаттандыруға болады. Ал сол арқылы мына «кітап оқитын ұлт» деген мәселені біз өз-өзінен жолға қоюға мүмкіндік аламыз.

Азамат Әбілқайыр, кітап авторы:

- Мұндағы шығармалар әр жылдары жазылды. Бірі 2022 жылы, 2023 жылы, 2024 жылы дегендей байқаудан үздік болған шығармалар әр жылдары жазылып, осындай кітап болып жарық көріп отыр. Шамамен ішінде бір 10-12 әңгіме енгізілді. Келешекте әрі қарай бізде жасөспірімдерге арналған туындылар жоқ, соларды жазғым келеді. Содан кейін мына ерекше бала бағып отырған аналардың балалары қоғамға көп жағдайда бейімделе алмайды, оларды қабылдамайды. Мысалы, біреуі аутист болды, біреуі ДЦП дейді. Солардың да бір құқығын қорғау мақсатында, солардың да бір биіктігін азамат ретінде тең құқылы екенін көрсету мақсатында сол балаларды кейіпкер қылып, басты рөлде бір кітап жазғым келеді. Олар бізден кем емес, керісінше, тең деген оймен, оларды қоғамға қабылдату мақсатында кітап жазылды.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz