RU
Толық нұсқаға өту
gov.kz

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды

17.06.2026, 09:57 40

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау ресми түрде басталды. Бұл мәртебелі марапат ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері бар дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады. Сыйлыққа ие болу үшін Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады, деп хабарлайды "24KZ".

 

Биылғы байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» атты 10 негізгі номинация бойынша өткізіледі.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің құжаттары 2026 жылғы 17 маусымнан 17 қыркүйек аралығында қабылданады. Үміткерлер өз өтінімдерін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне екі нұсқада тапсыруы тиіс. Құжаттардың қағаз нұсқасы Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісі бойынша, ал электрондық нұсқасы daryn2026kz@gmail.com ресми поштасы арқылы қабылданады. Еліміздің белсенді де талантты жастары үшін бұл өз әлеуетін көрсетудің таптырмас мүмкіндігі болмақ.

Байқаудың шарттарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz