ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқаудың басталғанын мәлімдеді. Бас жүлде иегеріне 100 мың АҚШ доллары беріледі, деп хабарлайды «24KZ».
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бұл жоба қазіргі Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін көркем шығармалар арқылы бейнелейтін жаңа есімдерді анықтауға және қолдауға бағытталған. Байқаудың мақсаты мен тақырыбы
Проза жанрына арналған байқауға қатысушыларға келесі тақырыптарды арқау еткен туындылар ұсыну қажет:
Қала мәдениеті мен заманауи қоғамдағы өзгерістер;
Мегаполис пен шағын қалалардағы адам тағдыры;
Ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы.
Әдеби додаға Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған, көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын романдар қабылданады. Әр автор байқауға тек бір ғана шығарма ұсына алады.
Жеңімпаздарды белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы анықтайды. Үздік шығармалар дипломдармен және ірі ақшалай сыйлықтармен марапатталып қана қоймай, 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.
Жүлде қоры Республикалық байқаудың сыйақы көлемі халықаралық деңгейге сай белгіленген: Бас жүлде - 100 000 АҚШ доллары.
I орын - 75 000 АҚШ доллары
II орын - 50 000 АҚШ доллары
III орын - 30 000 АҚШ доллары
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен мекенжайыБайқау жұмыстары 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында қабылданады.
Қолжазбалар мен тиісті құжаттарды мына мекенжайға өткізу қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Тегтер #қала хикаялары #байқау #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz