Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қала хикаялары» атты республикалық әдеби байқау жариялады.
Проза жанрына арналған байқау жаңа есімдерді анықтап, жазушыларды қолдауды көздейді. Әрі қазақстандық шаһарлардың тыныс-тіршілігін көркем шығарма арқылы бейнелеуге жол ашады. Әдеби байқауға қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Бақ сынаймын деген автор бір ғана шығармасын ұсына алады. Айта кетейік, бас жүлдеге – 100 мың АҚШ доллары; I орынға 75 мың, II орынға 50 мың және III орынға 30 мың АҚШ доллары қарастырылған. Сонымен қатар жүлдеге іліккен туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады. Байқау жұмыстары биылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында қабылданады.
Тегтер #қала хикаялары #әдеби байқау #проза #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz