Талантты ел жастарды қолдауға бағытталған «Дарын» сыйлығына өтінім қабылдау басталды.
Байқау әдебиет, ғылым, журналистика, спорт, театр, кино және классикалық музыка секілді 10 номинация бойынша ұйымдастырылады. Оған халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметте жетістікке жеткен 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары қатыса алады. Жалпы осы уақытқа дейін 380-нен астам азамат «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанған. Өтінімдер 17 қыркүйекке дейін қабылданады, ал жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды.
Біржан Әлімжанов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитеті төрағасының м.а:
- Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия мөлшерін арттыру - елдің мәдени әлеуетін қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың бірі. Жыл сайын аталған стипендияны 75 мәдениет қайраткері иеленеді. Осы ретте, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау жүріп жатқанын айтқым келеді. Құжаттарды 21 маусымға дейін тапсыруға болады. Байқау туралы толық ақпарат, оның ішінде грантты тағайындау қағидалары мен қажетті құжаттар тізімі министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылған.
Мөлдір Сыздықбаева, «Дарын» сыйлығының лауреаты, журналист:
- «Дарын» маған сенім берді. Екіншіден, үлкен жауапкершілік жүктеді, өйткені енді тек сен өзіңнің ғана еиес, кейінгі буыннын да алдында жауаптысың. Мемлекет сені басқаларға үлгі етіп отыр. Үшіншіден, жаңа мүмкіндіктер ашты, түрлі салада жетістікке жеткен талантты жастармен танысып, жаңа идеялар мен жобаларға жол ашылды. Мен барлық медиа мамандарына, 10 номанацияның осы салаларда жұмыс істейтін барша жастарға арнайы үндеу жасағым келіп отыр. Егер қоғамға пайдалы контент жасап, маңызды мәселелерді көтеріп жүрсеңіз, адамның өміріне оң әсер ететін жобаларды жүзеге асырып жүрсеңіз міндетті түрде қатысыңыздар.
Тегтер #талант #Дарын #өтінім
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz