XIX ғасырдың аяғында қазақ даласында шоколад фабрикасын ашып, өнімін патша сарайына дейін жеткізген Қосшығұловтар туралы фильм түсіріледі.
Түсірілім тобы Оралға барды. Олар әуелі Хан Ордасы ауылында, кейін Оралданың өзінде «Қосшығұлов. Шоколад фабрикасы» атты тарихи драманың түсірілімін бастайды. Жоба Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен және “Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының” қолдауымен жүзеге асады. Тарихи деректерге сүйенсек, 1895 жылы ақмолалық Баймұхамбет Қосшығұлов пен үлкен ұлы Құрманғали кәмпит шығаратын кәсіпорын салған. Тіпті автомобиль құрастыратын зауыт салуды да жоспарлаған. Алайда қазан төңкерісінен кейін кәсіпкерлер қуғынға ұшырап, дүние-мүлкі тәркіленген. Осы отбасының тағдыры енді көркем фильмге арқау болмақ.
Сұлтан Срайыл, фильмнің бас продюсері:
- Сол кезде «Поставщик его императорского двора» деген сертификат алу - ол кім болса соның қолынан келмейді. Сондай сертификат алған Баймұхамбет Қосшығұловтың тарихы. Ол қазақ даласында алғаш рет болып, автозаводын ашам деген жігіттің арманы туралы фильм болады. Атсалысып жатқан осы өңірдің азаматтарына біздің алғысымыз шексіз. Бұл жақты негізінен кино мамандарын тартып жатқаны көптеген облыстарда жоқ, өңірлерде жоқ тарихи-мәдени, архитектуралық ғимараттар толық күйінде сақталғандығымен батыс өңірі, әсіресе Орал қаласы бізді өте қызықтырады.
Тегтер #шоколад #фабрика #тарих #драма #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz