Әлемге әйгілі испаниялық поп-әнші Энрике Иглесиас Польшадағы концерт кезінде қазақ жанкүйерлеріне қазақ тілінде сәлем жолдады, деп хабарлайды «24KZ».
Польшадағы Гданьск қаласында өткен шоудан кейін сахна сыртындағы кездесуде қазақстандық жанкүйерлер әншіге елімізде кеңінен танымал шоколадты сыйға тартқан. Сыйлыққа қуанышты болған Иглесиас камера алдында қазақ тілінде: «Алға, Қазақстан!» деп , жылы лебізін білдіреді.
Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Astana қаласында, ал 5 қыркүйекте Almaty қаласында өнер көрсетеді.
Концерт барысында орындаушының кеңінен танылған әндері шырқалады деп жоспарланған. Олардың қатарында Bailando, Hero, Escape және Súbeme la Radio секілді композициялар бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шоу бағдарламасы көрерменнің ықыласына қарай өзгеруі мүмкін. Әнші сахнада жанкүйерлермен еркін қарым-қатынас жасап, көрермендердің сыйлықтары мен тілектеріне назар аударады.
Айта кетейік, бұған дейін жергілікті билік әншінің этикалық нормаларды сақтауына байланысты ескерту жасаған еді.
Энрике Иглесиасқа сахнада қазақстандық жанкүйерлерін сүюге тыйым салынуы мүмкін.
Тегтер #Энрике Игласиас #Польша #Алға Қазақстан #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz