Алматыда «Бес асыл» ұлттық өнер сайысының іріктеу кезеңі өтті.
Республикалық командалық байқауда Алматы мен Астананың өнерпаздары сайысқа түсті. Ұлттық сөз өнерін ұлықтайтын жобаға қазақ айтыс өнерінің абызы Жүрсін Ерман төрелік етті. Командалық сайыста әр қаланың намысын 10 өнерпаз қорғады. Олардың қатарында айтыскер ақындар, күйші-термешілер мен жыршылар бар. Ақындар сүре айтыс, қыз бен жігіт айтысы мен қайым айтыстан бақ сынады. Күйшілер домбыраның құлағында ойнаса, жыршылар сөз өнерінің түбін түсірді. Көрермендер қатысушылардың қабілетіне тәнті болды. Ұлттық өнер сайысының қорытындысында алматылық өнерпаздар үздік атанып, байқаудың келесі кезеңіне жолдама алды.
Айтуған Жетебаев, айтыскер ақын:
- Байқау, жалпы өздеріңіз білесіздер, тек қана айтыс емес. Бұл жерде дәстүрлі ән, жыр, терме, күй – барлық біздің қанымызға біткен ұлттық өнерімізді насихаттауға бағытталған. Қазір жер-жерде айтыстар өтіп жатқанымен жыр, терме жағы кішкене кенжелеу қалып жатыр, сол жағын қолға алып. Осындай игі шара әр облыста, әр қалада өткізіліп жатыр.
Тегтер #Алматы #өнеркәсіп #сайыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz