Шілде айының алғашқы жексенбісі елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі.
Биыл мәні ерек мейрамға орай 2 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылады. Олардың бірқатары бүгінде басталып та кетті. Түрлі ауқымдағы мерекелік жиынға бас-аяғы 2 млн адам қатысады деп жоспарланған. Келушілер концерттер, фестивальдар, жыр сайысы сонымен қатар танымдық көрмелерді тамашалай алады. 5 шілдеде елордадағы Амфетеатрда мерекелік концерт өтеді. Республикалық деңгейдегі іс шаралардың қатарында Түркістанда өтетін «Күй құдыреті» күйшілер байқауы, Қызылордадағы «Сыр толқыны» сайысы және Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсемқоңыр» республикалық домбырашылар додасы бар. Ал Мәдениет және ақпарат мининстрлінің қолдауымен #dombrakuni челленджі мерекенің мазмұнын айшықтай түсті. Қатысушылар әлеуметтік желілерде төл өнерді дәріптейтін бейнероликтерді #dombrakuni хэштегімен жариялай алады. Еске салайық, Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілді. Ол ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың патриоттық сезімін оятып, төл мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған.
Тегтер #Ұлттық домбыра #іс шара #сайыс #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz