RU
Толық нұсқаға өту

ЮНЕСКО Қазақстанды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026, 09:11 44

Қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен ЮНЕСКО басшылығы құттықтады.

«ЮНЕСКО Қазақстанның осы бірегей музыкалық мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету жолындағы қадамдарын жоғары бағалайды», - деді Ұйым Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файез. Домбырада күй тарту өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген. Ал екі жыл бұрын Ұйымның Париждегі бас пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығына арналған мерейтойлық мәдени шара ұйымдастырылды. Бүгінде домбыра үні ЮНЕСКО төрінде жиі естіледі. 

Найеф әл-Файез, ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары:

- Домбырамен күй тарту өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне кіреді. Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды тарихымен, бүгінімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстанда домбыраны ерекше дәріптеуді және бұл құндылықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін жасалатын қадамдарды барынша құптайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz