RU
Толық нұсқаға өту

Түркістандағы қалашықта қасиетті қара домбыраның жасалу жолын көруге болады

05.07.2026, 10:30 42

Қазақтың қасиетті қара домбырасының қалай жасалатынын өз көзімен көргісі келетіндер үшін Түркістандағы қолөнершілер қалашығында ерекше мүмкіндік бар.

Мұнда шеберлер ұлттық аспаптың дайындалу процесін көрсетіп, оның тарихы мен жасалу құпияларымен бөліседі. Келушілер дайын бұйымдарды да сатып ала алады.

Шебер Ислам Сәлімбеков он жылдың ішінде мыңнан астам ұлттық музыкалық аспап жасаған. Оның бала күнгі әуестігі уақыт өте келе өмірлік кәсібіне айналыпты. Қолөнершілер қалашығынан өз шеберханасын ашқан ол, қазір туристерге қаситетті аспаптың шығу тегін айтып, жасалу жолын көрсетіп жүр. Шебердің айтуынша домбыраны дайындау – үлкен төзімділікті талап ететін іс.

Ислам Сәлімбеков, шебер:

- Домбыраның негізі 2 түрге бөлінеді. Шаппа домбыра, одан кейін құрама домбыра. Соның ішінде ескі, яғни көне домбыраның түрлерін жасап жатқан жайым бар. Қазіргі кезде өзіміздің заманға лайықтап жасап шығарып жатырмыз, яғни туристерге де қызық бұл. Ол кісілерге өзіміздің ұлттық аспабымыз домбыраны таныстырып, күй ойнауға болатынын, ән айтуға болады, өзіміздің ұлттық халық әндерін үйренуге болады. Қазіргі таңда бұл ұлттық аспапқа сұраныс көбейіп жатыр.

Шеберханадағы ерекше тыныс-тіршілік келушілерді бейжай қалдырмайды. Көпшілік жұмыс барысын тамашалап қана қоймай, өз талғамына сай арнайы домбыраға  тапсырыс беріп жатады. Қала қонағы Данияр Темірхан да шеберге ұсынысын айтып, домбыра алып жасатқандардың бірі.

Данияр Темірхан, турист:

- Халық үшін өте керемет жер екен, осы қолөнер жері. Осы жерге келіп біз, ертең домбыра күні болып жатыр, домбыраға тапсырыс беріп. Осында Ислам бауырымыздан осындай керемет домбыраны алып жатырмыз. Ойлаймын, әр қазақтың үйінде осындай бір домбыра тұру керек.

Қолөнершілер қалашығы - түрлі бағыттағы 35 шебердің басын біріктірген бірегей орталық. Мұнда келушілер домбыраның ғана емес, қыш бұйымдардың, ұлттық әшекей мен кілемнің және өзге де дәстүрлі өнер туындыларының қалай жасалатынын көре алады.

Айша Көшеман, Ерболат Әбіш

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz