Цифрлық сервистер мен тарихи-мәдени мұра Астананың келешек даму стратегиясының негізгі өзегіне айналуы тиіс.
Елордада құрылған арнайы фокус-топ осындай шешімге келді. Сарапшылардың пікірінше, тұрғындар үшін цифрлық платформалардың көптігі емес, олардың қолжетімділігі және нақты нәтиже беруі маңызды. Сондықтан цифрлық басқару жүйесі «өтінішті тіркеу» қағидатынан «нәтиже үшін жауапкершілік» моделіне көшуі қажет. Бұл мемлекеттік қызметтердің қағазбастылықтан арылып, мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге бағытталуын көздейді. Қараөткелден Ақмолаға дейінгі тарихи сабақтастықты қалалық навигацияда, көше атауларында және медиа кеңістікте кеңінен дәріптеу маңызды. Бұл тұрғындардың туған қаласына деген эмоционалдық байланысын күшейтіп, тарихи жадыны жаңғыртуға әрі азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы нығайтуға ықпал етеді.
Тегтер #Астана #тарих #мәдениет #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz