Астана күнін елордалықтар мен қала қонақтары бар сән-салтанатымен атап өтті.
Бас шаһардың әр аймағында мыңнан астам мерекелік шара ұйымдастырылып, жұрт түрлі танымдық бағдарламаларды қызықтады. Тіпті әдетте тек кітапта ғана кездесетін ертегі мен аңыз кейіпкерлерін көпшілік сахнадан көріп, таң-тамаша болысты.
Астана күніне орайластырылған думанды дүрмек қаланың әр аймағында ұйымдастырылды. Әсіресе Жетісу саябағы кешелі бері келшулерге лық толы. Мұнда бүгін де көпшілік қызықтайтын бұқаралық шаралар көп. Соның бірі қалалық перфоманс фестивалі. Оның аясында артистер ертегі кейіпкерлеріне еніп, саябақ алаңы бір мезет сахнаға айналды.
Лаура Палман, қала тұрғыны:
- Бүгін бүкіл елдің мерейі мен мақтанышы болған елордамыз Астанамыздың туған күні. Осы мезетті пайдаланып барша қала қонақтарын,елімізді мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Жылда асыға күтетін мерекелердің бірі. Бала-шағамызбен бүгінгі күннің қуанышты сәттерін тамашалауға шықтық. Және де қаланың әр аймағында осындай мерекелік шаралар ұйымдастырылып жатыр екен. Мына жерде балаларға арналған әдемі қойылым ұсынылыпты.
Түрлі тақырып пен мазмұнға құрылған бұл қойылымдар көрерменді бірден баурап, таң-ташама етті. Әсіресе балдырғандар үшін мерекелік тарту болды. Басты мақсат - тұңғиық сырлы театр әлемін көпшілікке паш етіп, саф өнерге өскелең ұрпақты баулу, дейді ұйымдастырушылар.
Кәмила Омарбекова, қала тұрғыны:
- Ұнап жатыр балаларға. Біз өзіміз кезінде атқа шапқанбыз ғой, сол жастық шақты еске түсіріп күліп отырмыз. Әрқашан Астанамызда жақсылық бола берсін. Әрқашан да жайнап, береке мен тыныштық болсын деймін.
Осымен үшінші жыл қатарынан жалауы желбіреген ашық аспан астындағы театр фестивалі биыл да бар сән-салтанатымен аталып өтті. Оған мерекені қызықтап келген жас пен жасамыштың қошеметі куә.
Назерке Тоқжан, Асхат Қарағойшиев
Тегтер #Астана #театр #фестиваль #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz