Әнші Димаш Құдайберген Қатонқарағайдағы концерттен кейін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманмен арнайы жүздесті, деп хабарлайды «24KZ».
Кездесу сәтінен түсірілген бейнежазбаны айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов өзінің Instagram-парақшасында жариялады. Бейнекадрларда Димаш Құдайбергеннің Жүрсін Ерманмен амандасып, хал-жағдайын сұрағаны көрінеді. Әнші ақынның денсаулығына тілектестігін білдіріп, үлкенге деген құрметін көрсетті.
Димаш Құдайберген кездесуде «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған ақын Алмас Ахметбекұлымен де тілдесті. Ақын әншіге аталған шығарманы өз өңдеуімен орындаса деген тілегін жеткізді.
Нұрлан Есенқұлов Instagram-парақшасында Өр Алтай төрінде Димаш Құдайбергенмен жүздескенін жазып, әншіге арнаған жырын жариялады.
Өр Алтайдың төрінде Димаш бауырыммен дидарласу бұйырды. Кешегі айтыста бір қайырым айтып едім, – деп жазды ақын.
Ақынның жырында туған өлке, қазақ өнері және Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқау болған.
Желі қолданушылары Димаш Құдайбергеннің Жүрсін Ерманға арнайы сәлем беріп, хал-жағдайын сұрағанын атап өтіп, әншінің үлкенге деген құрметі мен ізеттілігіне жылы пікір білдірді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Димаш Құдайберген #Жүрсін ЕрманPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz