Қазақстанның қоғамдық даму институты материалдық емес 10 түрлі жәдігерді Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымына ұсынғалы жатыр.
Тізімде ауыз әдебиетінен бата, бесік жыры мен жарапазан, ұлттық ойындардан бәйге мен алтыбақан бар. Ал ұлттық киімдерден кимешек, шапан мен қамзол кию дәстүрі енгізілмек. Сонымен қатар жеті ата мен шежіре тарқату, құрақ құрау және сал-серілік дәріптеледі. Қазір халықаралық ұйымның талаптарына сәйкес құжаттар әзірленіп жатыр.
Айдана Құлманова, Қазақстандық қоғамдық даму институтының аға сарапшысы:
- ИСЕСКО-ның бекіткен құжаттамасы бар. Сол құжаттама негізінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен осы элементтің әлі күнге дейін жалғастырушы-тасымалдаушыларын анықтап, қажетті құжаттарды толтыруға болады. Яғни оның географиялық өзектілігі ескерілуі мүмкін. Әрбір мәдени мұра элементінің өзіндік ерекшелігі болады. Қазіргі таңда бірлескен жұмыс нәтижесінде ИСЕСКО-ға ұсынылатын құжаттама дайындалып жатыр.
Тегтер #ИСЕСКО #мәдени мұра #Ислам әлемі #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz