Американдық рэпер Канье Уэсттің Алматыда өтетін концертіне билет сатыла бастады.
Шоу 14 тамызда қаланың Орталық стадионында болады. Билет бағасы 120 000 - 350 000 теңге аралығында. Еске сала кетейік, еліміз әншінің әлемдік турне бағдарламасына енген санаулы мемлекеттердің қатарына кіріп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендерді керемет шоу күтеді. Глобус пішініндегі үлкен сфералық сахна қойылып, визуалды эффект арқылы айналып тұрады. Канье Уэст қазіргі хип-хоп мәдениетінің дамуына ықпал еткен орындаушылардың бірі. Ол тек рэпер ғана емес, музыкалық продюсер, ән авторы, әрі сән индустриясындағы табысты кәсіпкер ретінде де танымал. Концертке жергілікті тұрғындармен қатар алыс-жақын шетелден туристер келеді. Әлемдік деңгейдегі орындаушылардың Қазақстанда концерт беруі елдегі мәдени инфрақұрылымның дамып келе жатқанын аңғартады.
Санжар Қалешов, Almaty Tourism Bureau бөлім басшысы:
- Әсіресе туроператорлардан сұраныс жоғары. Олар бізге хат жазып, ұйымдастырушылармен кездесу ұйымдастыруды сұрап жатыр. Негізінен ТМД елдерінен, соның ішінде Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанның қызығушылығы басым. Қытай жұртшылығы да көргісі келеді. Еуропа елдері де бар. Канье Уэсттің әр елде фан-клубы барын ескерсек, шетелдік меймандардың қарасы көп болатыны анық.
Тегтер #Таңдаулы #Канье Уэст #билет #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz