Тараздық дәстүрлі әнші Бақыт Шадырбаев әлемдік рекорд орнатты. Өнер иесі бір сәтке тоқтамай 114 ән орындап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев 6 сағат бойы ән шырқады. Дәтүрлі әншіні қолдауға тыңдармандары, әріптестері мен жақындары жиналды. Әншінің айтуынша, әлемдік рекорд орнату идеясы бір жыл бұрын туған.
Бақыт Шағырбаев, дәстүрлі әнші:
- Бұл жай ғана өнер де, жай ғана байқау да емес. Бұл – қазақ халқының өнерін әлемнің 200-ге жуық еліне танытатын үлкен мүмкіндік. Репертуарымда халық термелері, халық композиторларының әндері, халық әндері бар. Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуовтің, Ілия Жақановтың шығармаларын, қырғыздың да әндерін орындаймын. Соның барлығы маған жігер береді.
Өнер иесі бұл кеште 114 ән шырқады. Репертуарда халық әндерімен қатар отандық композиторлардың туындылары және 10-ға жуық қырғыз әні болды. Жалпы бұған дейін бұл санаттағы әлемдік рекорд 101 әнмен тіркелген.
Қуандық Құдайбергенов, Global best of records ұйымының Азия және Африка дивизионы бойынша рекордтарды тіркеу жөніндегі бас офицері:
- Бұл жай ғана өнер де, жай ғана байқау да емес. Бұл – қазақ халқының өнерін әлемнің 200-ге жуық еліне танытатын үлкен мүмкіндік. Репертуарымда халық термелері, халық композиторларының әндері, халық әндері бар. Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуовтің, Ілия Жақановтың шығармаларын, қырғыздың да әндерін орындаймын. Соның барлығы маған жігер береді.
Бақыт Шағырбаев 35 жылдан бері дәстүрлі өнерді дәріптеп келеді. Оның репертуарында 400-ге жуық ән бар. Сонымен қатар өнерпаз Қазақстанның 245 ауылында тегін концерт өткізіп, ұлттық өнерді насихаттап жүр.
Бақыт Шағырбаев, дәстүрлі әнші:
- Елді мекендерді, ауыл-ауылды тегін аралап, концерт беріп жүрмін. Бүгінгі күнге дейін 245 ауылды араладым. Сахнада тұрып, халықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленгенде, 1,5 сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамай қаламын. Бір ауылдан кейін екінші ауылға, одан кейін үшінші ауылға барамын. Осылайша күніне үш ауылды аралап жүрмін. Бұл жұмысым әлі де жалғасын табады.
Рекордтарды тіркеу бойынша ұйым өкілдерінің мәліметінше, биыл әлем бойынша тіркелген барлық рекорд арнайы жинақ болып жарық көреді. Басылым жеті тілге аударылып, 200 мемлекетке таратылады. Сонымен бірге ұлттық кітапханалар қорына тегін жолданады.
Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділді
Тегтер #Тараз #дәстүрлі әнші #рекорд #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz