Арқалық қаласының 70 жылдығына және көрнекті тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Арқалықтың ақ таңы» драмасының премьерасы өтті.
Қойылым қаланың қазақ жасөспірімдер театрында көрермен назарына ұсынылды. Мерейтойлық қойылымға еліміздің мәдениет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты. «Арқалықтың ақ таңы» драмасы – өңірдің өткені мен бүгіні, ел дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген Өзбекәлі Жәнібековтің тағылымды өмір жолы мен тарихи қызметін көркем тілмен бейнелейтін сахналық туынды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #өзбекәлі жәнібеков #арқалық қаласыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz