RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстаудың бес нысаны ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін

24.07.2026, 22:00 40

Маңғыстау облысындағы бес карст үңгір мешіті ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімін толықтыруы мүмкін.

Ертең ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-ші сессиясында осы киелі орындар жайы талқыланАды. 19-29 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан жиында 30 жаңа өтінім қаралады. Ауқымды іс-шараға Қазақстан делегациясын Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин бастап барды. Оған 196 елден келген үш мыңға жуық өкіл қатысып жатыр. 2024 жылдың наурыз айында Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жұмыстарын бастауды тапсырған еді. Олардың қатарында Шопан ата, Шақпақ ата, Қараман ата, Сұлтан Епе және Бекет ата нысандары бар. Өткен жылдың күзінде аталған қасиетті орындарға Халықаралық ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау кеңесінің сарапшысы ФИген Кывыл-джим Чоракбаш келіп көріп, бастамаға қолдау білдірген.

Олжас Шариязданов, "Қазқайтажаңарту" РМК Бас директоры:

- Бұл бізге не береді? Бұл осы үңгірлерді бүкіләлемдік мұра нысандары ретінде мойындатады, яғни олар халықаралық деңгейде танылып, туристер ағынына жол ашады. Осылайша аталған киелі орындар халықаралық маршрут карталары мен түрлі жолсеріктерге енгізіліп, әлемдік қауымдастықтың назарын аударады. Сондай-ақ еліміздің атқаратын жұмыстарының ажырамас бөлігі ретінде оларды қарап, күту қамтамасыз етіледі. Өйткені қазір барлық жерде табиғи және мәдени нысандарға, мәдени мұрамызға антропогендік әсердің күшейіп жатқанын білеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz