RU
Толық нұсқаға өту
bts bighitofficial

BTS 2027 жылғы «Грэмми» сыйлығына қатыспайтынын ресми түрде жариялады

30.07.2026, 15:38 267

Оңтүстік Кореяның әлемге әйгілі K-pop тобы BTS әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында 2027 жылғы «Грэмми» сыйлығына қатыспайтынын жариялады, деп хабарлайды «24KZ»  Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Топтың жеті мүшесі де жеке аккаунттарында бірдей мәлімдеме жариялап, «музыканы аймақ немесе тіл бойынша емес, сол қалпында тыңдауға және бағалауға болатынын» қадап айтты.

Бұл шешім АҚШ-тағы Дыбыс жазу академиясы 69-шы «Грэмми» сыйлығына «Үздік азиялық поп-орындау» (Best Asian Pop Performance) атты жаңа санатты енгізгеннен кейін қабылданып отыр. Бұл номинация Азия елдерінде жасалған немесе кеңінен танымал болған заманауи поп әндерін марапаттауға арналған.

Алайда бұл бастама жанкүйерлер мен музыка индустриясы сарапшыларының наразылығын тудырды. Олардың пікірінше, жаңа бөлек санаттың пайда болуы азиялық әртістерді негізгі номинациялардан шеттетіп, BTS сияқты жаһандық деңгейдегі топтардың «Грэммидің» бас жүлделерін жеңіп алу мүмкіндігін төмендетеді.

 

Дыбыс жазу академиясының бас директоры кіші Харви Мейсон бұл жағдайға қатысты арнайы мәлімдеме жасап, алаңдаушылықты сейілтуге тырысты. Ол жанрлық санатқа өтінім беру «Жылдың үздік жазбасы», «Жыл альбомы» және «Жыл әні» сияқты басты категорияларға түсуге ешқандай кедергі келтірмейтінін жеткізді.

Азиялық поп-музыка» Азиядан шыққан музыканың тереңдігі мен әртүрлілігін атап өту үшін құрылды. Мақсатымыз – осы әртістерге ерекше назар аудару. Санаттардың көп болуы көбірек таланттардың танылуын білдіреді, – деді ол.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін BTS «Грэмми» сыйлығына бес рет ұсынылғанымен, әлі бірде-бір рет жеңімпаз атанған жоқ. Ал 69-шы «Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі 2027 жылдың ақпан айына жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz