RU
Толық нұсқаға өту

Comic Con Astana: Иньяки Годой өнер жолындағы табандылықтың ролі туралы айтты

09.08.2026, 19:29 25

«Луффи маған сенімді болуды, өз ісіме қуануды және армандаудан қорықпауды үйретті». 

«Уан Пис» сериалының басты ролін сомдайтын Иньяки Годой "Comic Con Astana" баспасөз жиынында осылай деді. Актердің айтуынша, бірінші маусымның түсірілімі кезінде оған кішкентай кезіндегі суреті күш берген. Фото өзіне сенудің маңызын еске салып, армандардың орындалатынын көрсеткен. Иньяки Годойдың сөзінше, жетістіктің артында бірнеше жылдық еңбек пен өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілік тұрады. Ең бастысы, бәрі ойдағыдай болмаған жағдайда да әрекет етуден жалықпау керек. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен және блогерлермен кездесу еркін форматта өтті. Кей қонақтар актермен жүздесу үшін шетелден арнайы келген. Баспасөз жиынының соңында Иньяки Годой жиналғандармен бірге селфи жасады.

Иньяки Годой, актер:

- Меніңше, өзің істеп жүрген ісіңді жақсы көріп, онымен ұзақ уақыт айналысу керек. Уақыт өте келе ұстап қалуға болатын мүмкіндіктер пайда болады. Мен өзім де мұндай мүмкіндікке ие боламын деп күтпедім. Маған жай ғана актерлік өнер ұнайтын, сондықтан бәрінің осылай болғанына өте ризамын. Бұл роль болмағанда мүмкін басқа роль бұйырар ма еді. Аздап сәттілік пен күш-жігер болса, бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын.  

"Comic Con Astana" Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет фестивалі саналады. Биылғы іс-шараға түрлі елден мыңдаған қонақ жиналды. Бағдарламада танымал тұлғалармен кездесулер, автограф-сессиялар, жобалардың таныстырылымы, бейнеойындар, көрмелер, тақырыптық жәрмеңкелер және ауқымды косплей байқауы бар. Бүгін фестивальдың соңғы күні.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz