Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 6 тамызда «Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 24KZ.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мәдениет саласындағы 75 мемлекеттік стипендия белгіленді.
Әр стипендияның ай сайынғы мөлшері 110 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды. 2026 жылы бұл 475 750 теңгеге тең.
Стипендиялар Қазақстандағы әдебиет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.
Сонымен қатар Үкіметке жыл сайын мәдениет саласындағы Президенттің мемлекеттік стипендиясын алуға ұсынылатын тұлғалардың жеке құрамын бекітуге енгізу тапсырылды. Қажет болған жағдайда бұл тізім жаңартылып отырады.
Жарлық 2026 жылғы 6 тамыздан бастап күшіне енді.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #стипендия #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz