RU
Толық нұсқаға өту

Сәлемдесу ұлттық мәдениеттің көрінісі

24.08.2026, 23:10 33

Президент қоғамдағы жүріс-тұрыс әдебіне назар аударды. Құрылтай сайлауынан кейін журналистермен болған кездесуде Мемлекет басшысы сәлемдесудің жөн-жоралғысы туралы сөз қозғады. 

Ер мен әйелдің және ер адамдардың бір-бірімен құшақтасып сүйіп амандасуы ұлтымыздың дәстүріне жат деп бағалады. Президенттің амандасу әдебіне қатысты пікіріне зиялы қауым да үн қосты. Олар ұлттық құндылыққа негізделген әдеп мәдениетін қалыптастырудың маңызына тоқталды. Қаламгерлердің сөзінше, салтымыздағы әр сәлемдесудің ережесі мен жөн-жоралғысы бар.

Қансейіт Әбдезұлы, әдебиеттанушы:

- Дәстүрімізде сәлемдесудің өзі ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен үлгісі бар. Біздің халықта еркек пен еркек құшақтасып, сүйісу деген болған емес. Ата дәстүрімізбен сол қолын кеудесіне қойып, оң қолын ұсынып сәлемдеседі деп ойлаймын. Біз өзіміздің ата-баба дәстүрінің жолымен жүруіміз керек.

Нұрлан Оразалин, ақын, Мемлекет және қоғам қайраткері:

- Қазақ ұғымындағы амандасу тарихында екі нәрсе бар. Біріншісі – амандасу. Күнделікті үлкен кісілермен амандасу. Әжелеріміз жетектеп әкеліп, атаңа амандас деп отыратын. Бұл ұлттың ұлттық сипатын сақтау жөнінде үлкен мектеп. Бір ғасыр емес, бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан амандасу мектебі. Амандасудың екінші баламалы үлгісі бар, ол - көрісу.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz