Танымал америкалық әнші, композитор және актриса Долли Партон дүниеден өтті. Биыл ол 80 жасқа келген еді.
Қаралы хабарды оның отбасы растады. Партон алғашқы әнін небәрі алты жасында қуыршағына арнап жазған. Содан бері музыкадан қол үзбей, алпыс жылға жуық уақыт ішінде кантри жанрының әлемге танылған тұлғасына айналды. «Jolene», «Coat of Many Colors» және «I Will Always Love You» әндері оған халықаралық даңқ әкелді. Әншінің 100 миллионнан астам жазбасы сатылып, өзі 11 мәрте «Грэмми» сыйлығын иеленді. Партон киноға түсіп, телебағдарлама жүргізді және Теннесси штатында Dollywood ойын-сауық саябағын ашты. Қарапайым отбасынан шыққан өнер иесі қайырымдылық жобаларына да белсенді қолдау көрсетіп, бірнеше буынның сүйікті тұлғасына айналды. Президент Дональд Трамп Партонды бұрын-соңды болмаған ұлы өнер иесі деп, оның құрметіне ел аумағындағы мемлекеттік туларды бір апта бойы төмен түсіруді тапсырды
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Долли Партон #әнші #актрисаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz