Қазақстандық аккордеоншы Жандос Сауыт Халықаралық «Coupe Mondiale» байқауының жеңімпазы атанды. Финалистерді марапаттау рәсімі елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» сахнасында өтті.
Жаһандық өнер жарысы Орталық Азия бойынша алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылды. Ал байқау осымен 79-шы рет өтіп отыр. Бірнеше күнге созылған сайыста 16 елден келген 150-ден астам музыкант өзара мықытыны анықтады. Қатысушылар жеті номинация бойынша өнер көрсетті. Оған 40 отандасымыз қатысты. Байқау жеңімпаздарына арналған жүлде қоры 16 миллион теңгені құрады.
Мирко Патарини, Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті:
- Байқаудың ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары болды. Оған көптеген делегаттар мен халықаралық қазылар алқасының мүшелері қатысты. Сондай-ақ қазақстандық қатысушылардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап өттік. Байқауда баян мен аккордеонда орындаушылар, түрлі ансамбльдер мен заманауи ұжымдар өнер көрсетті. Қатысушылардың сан алуан стильдер мен жанрларды ұсынғаны ерекше қуантты. Бұл Қазақстандағы баян-аккордеон өнерінің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді.
Ахан Абдуалиев, Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры:
- 16 мемлекеттен жалпы қатысушылар келді. Одан кейін 22 елден делегат келді. Жалпы соның бәрін алған кезде 37 мемлекеттен адам келді. Ал енді таза байқаудың өзіне қатысқан 153 адам қатысып отыр. Ол 7 бағыт бойынша санат бойынша қатысып отыр. Алтауы оның жас орындаушылардан бастап ансамбль бар, классикалық ансамбль бар. Ең негізгісі coupe mondiale дейді, олар ең шебер орындаушылар, ең негізгі санаты болып есептеледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #аккордеоншы #Жандос СауытPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz