RU
Толық нұсқаға өту
фото: gov.kz

Гуанчжоудағы кітап көрмесінде қазақ әдебиеті таныстырылды

31.08.2026, 15:40 22

Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан 30-шы Оңтүстік Қытай кітап көрмесінде Қазақстанның заманауи әдебиетіне арналған арнайы сессия өтті, деп хабарлайды 24KZ.

 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жиында қытай оқырмандарына қазақ қаламгерлерінің шығармалары таныстырылып, қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен жаңа буын авторларының еңбектері сөз болды.

Атап айтқанда, Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» романы, Айсұлу Алмасбайдың балаларға арналған «Жел тербеген әуен» кітабы, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке» детектив романы және Нұрайна Сәтпаеваның «Мұхит жарыққа ұмтылады» атты заманауи прозасы таныстырылды.

Кездесуде әдеби шығармаларды шет тілдеріне аудару, қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде насихаттау және авторлық құқықты қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы баспа ісі мен әдеби байланыстарды одан әрі дамыту мәселесіне назар аударылды.

Көрме барысында Қазақстанның ұлттық павильонында 100-ге жуық кітап қойылған. Экспозициядан заманауи және балалар әдебиетімен қатар, ұлттық мәдени мұра мен креативті индустрияға қатысты материалдар да орын алған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz