Петропавлда Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өңірлік өкілдігі жұмысын бастады. Мұнда тоғыз білім беру бағдарламасы бойынша 97 студент білім алады, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл – университеттің Қазақстанда ашылған алғашқы өңірлік өкілдігі. Жаңа білім беру жобасы Үкіметтің өңірлерде шығармашылық білім беруді дамыту жөніндегі жұмысы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бірлесуімен жүзеге асырылды.
Білім беру бағдарламалары театр, музыка, бейнелеу өнері, кино және телевизия салаларын қамтиды.
Студенттер актерлік шеберлік, вокал, дәстүрлі музыка өнері, халық аспаптары, эстрада өнері, кескіндеме, көркем фильм режиссурасы және басқа да бағыттар бойынша кәсіби білім алады.
Жоба Солтүстік Қазақстан облысындағы өнерге бейім жастарға өз өңірінде кәсіби білім алып, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, бұл өңірде білікті кадрлар даярлауға және мәдениет саласының әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Өңірлерде шығармашылық білім беруді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте жас дарындардың талабын ұштап, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға басымдық беріледі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz