RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Сыр елінің төлтума өнері насихатталған гала-концерт өтті

15.09.2026, 23:10 109

Елорда төрінде Сыр елі өнер шеберлерінің «Сұлу Сырдан сазды сәлем» атты гала-концерті өтті. 

Мәдени шара Еркеғали Рахмадиев атындағы Астана мемлекеттік академиялық филармониясымен қос тарапты меморандум аясында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Сыр бойының төлтума өнерін кеңінен насихаттау және өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайту. Бас қалаға арнайы келген өнерпаздар арқа жұртшылығына халқымыздың бай мәдени мұрасын, дәстүрлі музыкасын, жыраулық өнерін, күй мен бидің озық үлгілерін ұсынды.

Шолпан Бейімбетова, Қызылорда облыстық филармониясының жыршы-әртісі:

- Қорқыт мұраларынан қалған ұлы өнердің негізін әрі қарай жалғастырушылары — олардың кешегісі, ертеңі және бүгінгісі дей келе, бүгін Қорқыт қобызының сарынын алып келген жағдайымыз бар. «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі бар. Би тобымыз бар. Жеке орындаушы жыршыларымыз бар. Дәстүрлі орындаушыларымыз бар. Сонымен қатар біздің Сыр өңіріндегі классикалық-вокалдық жанрды дамытып жүрген орындаушыларымыз да келіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz