RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Францияда Қазақстан киносы күндері басталды

18.09.2026, 09:28 34

Франция астанасы Парижде 17-19 қыркүйек аралығында француз көрерменіне қазақстандық кинематографияның классикалық және заманауи туындылары ұсынылады, деп хабарлайды 24KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кино күндері көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмімен ашылды. Режиссердің туғанына 100 жыл толуына орай картинаның 4K форматында реставрацияланған нұсқасы көрсетілді.

Бағдарламада заманауи қазақстандық кино да қамтылған. Көрермен назарына «Qaitadan» және «Игроманка» фильмдері ұсынылады. Екі туынды да мемлекеттік қолдаумен түсірілген.

Сонымен қатар қазақстандық кинематографистер француз көрерменімен шығармашылық кездесулер өткізеді. Кездесулерде екі елдің кино саласындағы кәсіби байланыстарын нығайту және мәдени диалогты дамыту мәселелері талқыланады.

Қазақстан киносы күндері Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz