Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды, деп хабарлайды 24KZ.
Сантьягода 11 жастағы чилилік әнші Максимо Леон «Kazajistán, pueblo valiente» («Қазақстан – айбынды халық») атты ұлттық куэка орындады. Музыкалық шығарма Қазақстанға және қазақ өнерпазына арналды.
Әнді орындау Чили үкіметінің резиденциясы – Ла-Монеда сарайының алдында өтті. Жобаны Максимо Леон мен «Чили – Қазақстан» достық қоғамының тең директоры Кармен Сандовал ұйымдастырған.
Жоба Чилидің қыркүйекте өтетін ұлттық мерекелері – Fiestas Patrias аясында жүзеге асқан. Сонымен қатар, жоба авторлары бұл өнер түрін Қазақстанға және DIMENSIONS әлемдік туры аясында Чилиде алғаш рет өнер көрсететін Димаш Құдайбергеннің алдағы сапарына арнады.
Айта кетейік, куэка – Чилидің ұлттық биі әрі ел мәдениетінің маңызды бөлігі. Кармен Сандовалдың айтуынша, «Kazajistán, pueblo valiente» басқа елге толықтай арналған алғашқы куэка болды.
Димаш Құдайберген Чилиде алғаш рет 24 қарашада өнер көрсетеді. Әншінің концерті DIMENSIONS әлемдік туры аясында Сантьягодағы Movistar Arena-да өтеді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Димаш Құдайберген #куэка #ЧилиPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz