Осымен жетінші мәрте қолға алынған шарада биыл әлемнің 20-ға жуық мемлекетінен келген өнерпаздар сынға түседі.
Ауқымды додада қатысушылар қазақ авторларының үздік шығармаларын шырқап, түркі дүниесінің рухани әрі мәдени келбетімен танысып, қазақ музыкасының тарихына үңілмек. Байқау үш күнге созылады. Жеңімпазға 5 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық табыс етіледі. Фестиваль аясында қолөнершілер бұрышы құрылып, түркітілдес дизайнерлер шеруі мен экологиялық жәрмеңке өткізу де жоспарланып отыр. Онда келушілерге 200-ге тарта отандық бренд өнімі ұсынылады. Сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі мен туристік бизнес форумы да шараның көркін қыздырмақ. Осылайша, түркі әлемінің танымал жұлдыздарын тоғыстырған жоба төл өнердің әлемдік кеңістіктегі рөлінің нығаюына үлкен ықпал етпек.
Ертай Алтаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:
- Фестиваль бағдарламасы үш күнге жоспарланған. 25 қыркүйекте түркі елдердің танымал өнерпаздардың қатысуымен «Жібек жолы әуендері» гала-концерті өтеді. 26 қыркүйекте фестивальдің салтанатты ашылуы және жұлдызды жұп кезеңі өтеді. Шетелдік қатысушылар қазақстандық өнер шеберлерімен бірге Қазақстанның танымал әндерін орындайды. Ал 27 қыркүйекте негізгі конкурстық қазақ әні кезеңі ұйымдастырылып, қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының шығармаларын кәсіби қазылар алқасына ұсынады.
Тегтер #Voice оf Turan – 2026 #қазақ әндері #фестиваль #ТүркістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz