Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо Янь «Кітап оқитын ұлт» марафоны қатысушыларына үндеу жолдап, шабыт тіледі.
Жазушы өзінің «Сарымсақ жыры» кітабі қазақ тіліне аударылып, марафон аясында оқылатын шығармалар тізіміне енгенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанға келіп, жергілікті қаламгерлермен кездескенін ерекше ықыласпен кеске алды. Ол қазақ әдебиетімен танысу екі елдің әдеби дәстүрлері арасында ерекше жақындық бар екенін сезінуге мүмкіндік бергенін атады. Мо Янь қазақстандық оқырмандарға алғысын білдіріп, оларды бірге жаңа әдеби көкжиектерді ашуға шақырды. Айта кетейік, жазушының ең танымал шығармаларының қатарында «Қызыл гаолян» және «Сарымсақ жыры» романдары бар.
Цитата: Мо Янь жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты:
«Жалпы кітап оқуға арналған осындай жалпыұлттық марафон ұйымдастырғандарыңыз өте жақсы. Бұл – ұлттық мәдениетті дамытуға ықпал етіп қана қоймай, қоғамның дамуына да елеулі үлес қосатын игі әрі ізгі іс. Кітап әлеміне саяхат жасап, білім мен даналықтың биігіне ұмтылған әрбір қатысушыға зор шабыт тілеймін! Әрбір парақ жүректеріңізге жарық сыйлап, ішкі жан дүниелеріңізді байыта берсін. Кітап әрдайым қолдарыңыздан түспесін, ал білімге ұмтылыстарыңыз бен өзін-өзі дамыту жолындағы талпыныстарыңыз әрдайым жетістікпен жалғаса берсін!
Тегтер #Нобель сыйлығы #лауреат #Кітап оқитын ұлт #марафон #үндеу
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz