Алматыда «Мыңжылдық Жібек жолы – Дунхуан – адамзаттың мұрасы» атты халықаралық көрме ашылды.
Дунхуан – Қытайдың Ганьсу провинциясында орналасқан көне қала. Ол ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының маңызды орталығы болған. Ұлттық орталық музейге келушілер аты аңызға айналған оазис мекеннің тарихи және мәдени мұрасымен таныса алады. Өңірдің басты тарихи жәдігерлерінің бірі – Могао үңгірлері. Мұнда мыңдаған мүсіндер мен көне фрескалар сақталған. Көрмеде фотосуреттер, жоғары сапалы көшірмелер мен цифрлық материалдар ұсынылған. Айта кетсек, осыдан екі ай бұрын Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі өткен еді. Мұндай бастамалар Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын насихаттайды. Әрі мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға жол ашады.
Дин Сяошэн, Дунхуан мәдени жәдігерлерін цифрландыру институты директорының орынбасары:
- Бүгін мұнда фрескалар, картиналар, сондай-ақ Дунхуан кешеніндегі үңгірлердің шағын үлгілері ұсынылып отыр. Материалды жақсырақ түсіну үшін біз көрмеде заманауи цифрлық технологиялар, оның ішінде виртуалды көзілдірік қолданамыз. Бұл келушілерге барынша сол ортаны толықтай сезінуге мүмкіндік береді.
Тегтер #Алматы #Жібек жолы #Қытай #көрмеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz