RU
Толық нұсқаға өту

«Ақиқат» журналының жарыққа шыққанына 105 жыл толды

22.09.2026, 22:43 43

Ғасырдан астам уақыт елдің қоғамдық ойына үн қосып келе жатқан «Ақиқат» журналының жарыққа шыққанына биыл 105 жыл.

Мерейлі межеге орай Алматыда «Заман мен зиялы мінбері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында басылымның тарихы мен тағылымы сөз болып, ұлт журналистикасына сіңірген еңбегі сараланды.

Тарихы 1921 жылдан басталатын басылым алғаш «Қызыл Қазақстан» деген атаумен жарық көрді. Кейін бірнеше рет атауы өзгергенімен, негізгі бағыты елдің өзекті мәселелерін көтеру, қоғамдық ойды қалыптастыру және ағартушылық қызмет атқару дәстүрі жалғасты. Журналды әр жылдары Абдолла Асылбеков, Нығмет Нұрмақов, Смағұл Сәдуақасов, Сәкен Сейфуллин, Ораз Жандосов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері басқарды.

Сарбас Ақтаев, «Ақиқат» журналының ардагері:

- Алғашқы сандарынан-ақ ол өткір мәселелерді қозғап, жұрттың жүрегіне жол таба білді. Менің есімде әсіресе қалғаны Смағұл Садуақасовтың жазбалары. Оның очерктерінде СКЛ ешкім айта бермейтін, ешкімнің батылы жетпейтін мәселелер қозғалған. «Қызыл Қазақстан» арқылы көп дүниелерді жарыққа шығарды. 

Журнал бетінде әдебиет, тарих, жер мәселесі, әлеуметтік жағдай, денсаулық сақтау, шаруашылық пен мәдениет тақырыптары тұрақты көтерілді. Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы, Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі», Телжан Шонанұлының «Қазақ жерінің мәселесі» атты зерттеуі алғаш осы басылымда жарық көрген. Тарихи басылымның 105 жылдық шежірелі жылнамасына орай Мемлекет басшысының Құттықтау хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды. 

Мәлік Отарбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі:

- «Ақиқат» қай кезеңде де елдік мүддені бәрінен биік қойып, әдебиетіміз бен мәдениетімізді дәріптеді. Ұлттық сана мен қоғамдық ойдың өрісін кеңейтуге қалтқысыз қызмет етті. Тәуелсіздікпен бірге қайта түлеп, уақытпен бірге қайта жаңғырған басылым, жаңа дәуірде де осы дәстүрден жаңылған жоқ. «Ақиқат» журналының шығармашылық ұжымы әділетті, озық, күшті және «Таза Қазақстан» құру жолындағы елдік бастамаларды жұртшылыққа жан жақты жеткізе береді деп сенемін.  

Мерейтойлық жиын аясында «Алаштың «Ақиқаты» атты жаңа жинақ таныстырылды. Кітапта «Ақиқат» журналының таңдаулы мақалалары мен естеліктер және библиографиялық шолу топтастырылған.

Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz