RU
Толық нұсқаға өту

Елордада археологиялық симпозиум өтіп жатыр

24.09.2026, 14:15 45

Топырақ астында жатқан әр жәдігердің өз тарихы бар.

Бірі көне дәуірдің тынысынан сыр шертсе, енді бірі мыңдаған жыл бұрынғы адамдардың тұрмысынан хабар береді. Сол тарихты зерттейтін археологтар бүгін Астанада бас қосты. Назарбаев Университетінде Еуразия даласының ежелгі мәдениеттеріне арналған халықаралық симпозиум басталды. Оған елімізбен қатар оннан астам елден келген 150-ден астам ғалым қатысты.  Зерттеушілер тас және қола дәуірінен бастап, көшпелі өркениет пен ортағасырлық қалаларға дейінгі кезеңді қамтитын тың деректерін таныстырады. Симпозиум аясында соңғы жылдардағы археологиялық жаңалықтар ұсынылған кітап көрмесі мен отандық археологияның тарихынан сыр шертетін фотокөрме де ашылды.

Абай Намен, Назарбаев Университетінің социология және антропология кафедрасының постдокторанты:

- Негізі Қазақстанда ғылыми зерттеу, соның ішінде өңірлерді зерттеу 60-жылдары басталған болатын, негізі 60 пайыздық бастаумен басталған жұмыстар. Бірақ осы 2017 жылдан бастап халықаралық қазақ-неміс экспедициясы барысында 95-тен астам жаңа өңір тіркеліп, солардың 27-сінде шөгінділер анықталған және солардың ішінде 10-нан астам жаңадан қазба жұмыстары жүргізілді. Ең ерекше таңқалдырған, менің өзім бойынша бұл Жамбыл облысындағы Бұлақбас, Ақтоғай өңірлері. Біз адамдардың осыдан 23 мың жыл бұрын қоныстанғанын білдік.

Андрей Поляков, Ресей Ғылым академиясы материалдық мәдениет тарихы институтының директоры:

- Біз қазір тек археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқпыз. Архивтерде сақталған материалдарды да зерттеп жатырмыз. Қазақстан Археология институтымен бірлесіп, Қазақстан археологиясына қатысты бұрын жарияланбаған деректерді баспаға дайындап жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz