Туынды ұлағатты ұстаз, білікті басшы Мақсот Құсайыновтың өміріне арналған. Кітаптың негізіне оның шәкірттері мен әріптестерінің естелік жазбалары, сондай-ақ Құсайыновтың жеке күнделігі арқау болған.
Құрастырушы әрі авторы – Мақсот Құсайыновтың қызы Қорлан Құсайынова. Оның айтуынша, идея бес жыл бұрын, пандемия кезінде пайда болған. Әкесінің туған күнінде әлеуметтік желіде бұрынғы шәкірттері сүйікті директорларын еске алуға арналған онлайн-челлендж ұйымдастырғанын көрген.
Айтолқын Қуанышбекқызы, оқырман:
- Кітаптың оқырманы ретінде тоқталсам, бұл кітапта әкенің рөлін және ұлағатты ұстаздың өмірін көрдім. Сара жолын көрдім. Өйткені оқушылардың қалай құрметтегені және интернатта жатқан оқушыларға әкедей қамқор болғаны өте жақсы сыйпатталады. Менің өзім сондай облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатында жатып оқыдым. Сондықтан әр оқушының басынан өткен оқиғасын өзімнен өткіздім.
Тегтер #жаңа туынды #таныстырылым #Мақсот Құсайынов #кітап
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz