RU
Толық нұсқаға өту

Жастарымыз Ресейдегі халықаралық өнер байқауынан жүлделі оралды

28.09.2026, 23:21 40

Астраханнан ақжолтай хабар.

Jas Tolqyn халықаралық байқауынан өнерлі өрендер үш гран-при иеленді. Бұл елдің батысындағы балалар арасында өтетін шығармашылық бәсеке. Жоба Каспий құбыр Консорциумының қайырымдылық бағдарламасы аясында жеті жыл қатарынан таланттарды танытып келеді. Осы аралықта 7 мыңнан аса жеткіншек дүйім жұрт алдында өнер көрсетті. Жеңімпаздар Астраханда өткен Каспий өңірінің «Достық көпірі. Ресей – Қазақстан» халықаралық мәдени форумына жолдама алды.

Астрахан мемлекеттік филармониясы. 600 орын лық толы. Өнерді өгейсінбейтін облыс халқы шалғай аудандардан да ағылған. Әсіресе, қазақ диаспорасының құмарынан шықты.

Бағы жанып, бас бәйгені вокал жанрында атыраулық Нұрсұлтан Абылай алды. Тағы екі гран-приді Атыраудың «Тұран» домбырашылар ансамблі мен Оралдың «Алтын білезік» хореографиялық ансамблі еншіледі.

Айнұрлы Мұхит, Jas Tolqyn халықаралық байқауының қатысушысы:

- Мен Jas Tolqyn конкурсына келгелі бері өте қатты қуаныштымын. Ол конкурс жоғары дәрежеде өтті. Мен бірінші кезеңнен өтіп, екінші кезеңде гран-при алдым. Үшінші кезеңде 2-орын иелендім. 

Нәйля Бекқұл, Jas Tolqyn халықаралық байқауының қатысушысы:

- Jas Tolqyn маған өте күшті әсер берді. Мен жақсы достар таптым, жақсы мұғалімдердің білімін үйрендім. Басқаша білімдер үйрендім. Мастер кластарға бардым. 

Ал бірінші орын – төртеу, екінші орын – екеу. Жастар жарыстан бөлек Астраханның көрнекті және мәдени нысандарымен танысты. 

Қайыргелді Қабылдин, «КҚК-Қ» АҚ Бас директорының Қазақстан үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары:

- Қазақстанда Jas Tolqyn дейді. Жас таланттарға КТК мүмкіншілік береді. Бұл болашақта мен ойлаймын бұл біздің үлкен сахнаның, мәдениеттің жұлдыздарының тууына себепкер болып тұр.

Бұл өнер мен өнеге ұштасқан байқау. Өйткені жас таланттар Қазақстан мен Ресейдің мәдениет және өнер қайраткерлерінің шеберлік сабақтарына қатысты. Сахна саңлақтарынан тәлім алды.

Нысаналы Ығыл

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz