Астанада Жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдердің жабық көрсетілімі өтті.
Көрермендерге АҚШ, Канада, Италия, Оңтүстік Корея және Қазақстандық авторлардың жұмыстары ұсынылды. Бұл кинотуындылардың барлығы халықаралық байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алған. Биыл Astana AI Film Festival іс-шарасына 125 елден 8 мыңнан астам өтінім түсті. Соның 25-і жүлделі орындарға таласады. Жеңімпаздарға жиыны 2 млн АҚШ доллар көлемінде сыйақы табысталады. Оның ішінде отандық кино өндірісін дамытуға 1 млн доллар бөлінді. Кинотуындылар түрлі жанрды қамтиды. Ең бастысы, оларды әзірлеу кезінде жасанды интеллект негізіндегі генеративті модельдер қолданылған.
Алмаc Жәли, AAIFF негізін қалаушы:
- Жюридің басшысы Одри АзулЕ. Қытайдан келді, China Film Group компаниясының өкілдері келді. 125 елден қатысушылар қатысты. Біз оның ішінен 25 жұмысты іріктеп алдық. Соның ішінде екеуі қазақстандық жігіттердің туындылары. Жұмыстары жақсы, олар бізге келген қонақтармен бәсекеге түсе алатындай деңгейде.
Тегтер #AI Film Festival #жасанды интеллект жылы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz