Қойылым ағылшын жазушысы Этель Лилиан Войничтің романынын арқау етеді. Бірегей туындыны театр сүйер қауымға әзербайжандық труппа тарту етті.
Қойылым халықаралық TEATР ALL фестивалі бағдарламасына енген. Биыл оған отандық және Өзбекстан, Қырғызстан мен Әзербайжаннан үздік театр ұжымдары қатысып жатыр. Олар бір апта бойы қалың көрерменге саф өнердің құдыретін сезіндіріп, рухани мереке сыйлайды. Осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған іс-шара Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» Орденінің иегері Меруерт Өтекешеваның 75 жылдығына арналды.
Бекжан Тұрыс, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері:
- Ашылу салтанатында Меруерт апа жүрекке әсер ететін әдемі сөз айтты: «Мен ең алдымен жасалып жатқан осы ықыластың барлығы маған емес, мені тәрбиелеген ұстаздарыма деген құрмет деп қабылдаймын». Қандай ғажап сөз! Мен кәдімгідей толқып кеттім. Бұл – адам болмысының биік деңгейін көрсететін ерекше сөз.
Расул Усманов, музыкалық Жас көрермен театрының актері:
- Театр өнерінде мұндай халықаралық деңгейдегі фестивальдар өте аз. Сондықтан бұл біз үшін үлкен жауапкершілік болды. Астана қаласының әкімдігіне және Мәдениет басқармасына алғысымызды айтамыз.
Тегтер #халықаралық фестиваль #TEATР ALL #елорда #спектакль #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz