Биыл алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өтетін «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер белгілі болды. Байқауға 600-ден астам журналист өтінім берді, деп хабарлайды 24KZ.
Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық журналистердің, редакциялар мен шығармашылық ұжымдардың үздік жұмыстары финалдық кезеңге өтті.
Биыл байқау 12 аталым бойынша өтеді. Оған телевизия, баспасөз, интернет және радио салаларындағы журналистік жұмыстар ұсынылған.
Биылғы байқауда заманауи медиа технологиялар мен жаңа форматтарға да басымдық берілді. Алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» аталымы енгізілді.
Жеңімпаздарды белгілі журналистерден, медиа саласының қайраткерлері мен сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтайды.
Ұлттық сыйлық иегерлерінің есімі 16 қазанда жарияланады. Марапаттау рәсімі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz