Бүгін елордада Astana Media Week апталығы өз мәресіне жетті.
Әдеттегідей қорытынды күн Үркер және Тұмар ұлттық сыйлықтарын марапаттаумен түйінделді. Бұл қос байқау бүгінде Qazaqstan Media Awards бренді аясында бiрiктi. Биыл қатысушылардан 600-ден астам өтiнiм түскен. 24 kz арнасының шығармашылық ұжымы түсірген "4739" деректі фильмі "Тұмар" ұлттық сыйлығын иеленді. Арна журналисі Назерке Тоқжан мен режиссер Берік Шарав түсірген туынды еліміздегі ағза трансплантациясын күтіп жүрген науқастардың күрделі тағдырына арналған. Фильм эфирге шілде айында шығып, қазақстандықтар арасында донорлық мәселеде шешім қабылдауға ықпал етті.
Тегтер #24KZ #4739 деректі фильмі #ТұмарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz