Биыл додаға 11 елден 14 театр келді.
Қатысушылар бірнеше күн бойы көрерменге өнерлерін паш етеді.. Фестиваль қалай өтіп жатыр?
Ернұр Рысбай, тілші:
- Бүгін бұл сахнада әр елдің мәдениеті, ертегісі мен театр дәстүрі тоғысады. Фестивальді Алматыдағы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры ұйымдастырып отыр. Өнер ордасы 1935 жылы ашылды. Бұл Қазақстандағы алғашқы қуыршақ театрларының бірі. Фестивальге қайта оралсақ, бұл шара биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. 14 театрдан 150-ден аса өнерпаз қатысады. Фестиваль шымылдығын Ираннан келген «Deemak» театры ашты. Олар көрерменге «Маршмэллоу» спектаклін ұсынды. Қазір менің жанымда фестиваль ұйымдастырушысы, қазылар алқасының мүшесі тұр.
Алмат Аманкелді, мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының директоры:
- Биылғы фестивальдің ерекшелігі жылда әртүрлі форматта өткіземіз. Былтырғы фестиваль семинар, форум ретінде өткен. Биыл нағыз 78 театрдан заявка келген. Соның ішінен таңдап ең 14 деген креативті театрды шақырдық. Қазақстанда 8 театр бар, мемлекеттік. Қазір барлығы осылай халықаралық фестивальдер өткізе бастады. Біз 2023 жылы бастағанбыз. Биыл бізде жыл сайынғы төртінші рет өтіп отыр. Сол бізге қарап басқа әріптестер де фестивальдер өткізіп жатыр.
Ернұр Рысбай, тілші:
- Бүгін сондай-ақ түркиялық «Карагёз» театры «Әлем жұлдыздарының шоуын» көрсетеді. Ал қырғызстандық ұжым «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» спектаклін сахналайды. Алдағы күндері Молдова, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Италия, Франция және Ресей театрларының қойылымдарын тамашалай аласыздар. Жеңімпаз сенбі күні анықталады.
Тегтер #Алматы #қуыршақ #театрPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz