Қазақстанның Республика күні мен тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған іс-шаралар Брюссельде де басталып жатыр. Осы атаулы датаға орай мұндағы әйгілі бала мүсініне ұлттық ою-өрнекпен кестеленген қазақтың шапаны кигізілді, деп хабарлайды 24KZ.
Мұндай түрлі киіммен сәндеу дәстүрі XVII ғасырда қалыптасқан. Яғни 1615 жылдан бастау алады. Бүгінде қоладан жасалған бала мүсіннің гардеробында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 1200-ден астам ұлттық киім бар. Қалыптасқан дәстүр бойынша, олар әр елдің мемлекеттік мерекелері мен мәдени іс-шараларына орай алмастырылып отырады. Бұл үрдіс арқылы әлем елдері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін Брюссель жұртшылығына және қонақтарына кеңінен таныстыра алады. Айта кетейік, бұл рәсім Филипп патша мен Матильда патшайымның Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарымен де орайластырылып отыр.
Тегтер #24KZ #Брюссель #Бельгия #Бельгия Королі #республика күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz