Түркі мәдениеті мен ислам өркениетін зерттеушілер орта ғасырларда Фараб аймағында 80-нен астам қала болғанын анықтады.
Сырдария мен Қаратаудың Аралға дейінгі аралығы Фараб аймағы деп аталады. Бұл исламның солтүстіктегі ең шеткі нүктесі. Кейінгі 10 жылдағы қазба жұмыстары кезінде ғалымдар 43 көне шаһардың орнын қазып, төлқұжатын жасады. Бұл туралы Түркістанда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Жиынға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 40-тан астам ғалым мен зерттеуші қатысты. Мамандар "бұл бұған дейінгі қазақтың жазба тарихында кездеспеген, белгісіз болып келген қалалық мәдениеттің болғанын көрсетеді" дейді. IX-X ғасырларда Фараб аймағындағы 56 қаладан шамамен 350-ге жуық ғұлама шыққан. Қазір сол ғалымдардың соңғы жылдары табылған еңбектері зерттеліп жатыр. Жібек жолы бойындағы аймақ өркенеиеттің алтын бесігі болды. Ол қазба жұмыстары барысында ғылыми тұрғыдан дәлелденді, дейді ғалымдар.
Досай Кенжетай, философия және теология ғылымдарының докторы:
- Себебі бізге айтты ғой, сендер көшпендісіңдер, сендерде қала болмаған. Сендерде құқық болмаған, сендерде мемлекет болмаған деді ғой. Соның барлығын біз қайтадан дәлелдеп жатырмыз. Мәдениеттік тұрғыдан да, өркениеттік тұрғыдан да барлық талаптарға жауап беретін аймақ екенімізді көрсетіп жатырмыз. Сырдария деген тек география емес, бұл өркениеттік қабат. Сол қабаттың өкіліміз біз. Ол түркі ислам өркениеті.
Әшірбек Мүминов, Халықаралық зерттеу орталығы бас директорының Орталық Азия бойынша кеңесшісі:
- Сырнақ, Жәнд, Даршинкент қаласынан шыққан үлкен ғалымдар туралы сөз болады. Олардың кейінгі кезде табылып жатқан қолжазбалары туралы мәлімдемелер беріледі. Сонымен қатар ондаған аты мәлім болмаған ғалымдар, сырнақилар, Құсамиддин Сырнақи, Итқани, Фараби, Жәнди сияқты ғалымдардың аттары мәлім болып жатыр. Олардың ислам өркениетіндегі орыны үлкен екені де көрініп жатыр.
Тегтер #Фараб #өркениет #24KZ #АралPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz